19 қаң, 2021 сағат 15:38

Қостанайдың «Тобылы» алты футболшымен қоштасты

Қостанайдың «Тобылынан» алты футболшы кетіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Тобыл» клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстан құрамасының футболшысы Роман Мұртазаев командамен қоштасты. 

Сонымен қатар тәжірибелі легионерлер Джаба Канкава мен Ника Квеквескири де басқа командаға ауысты. 

«Қостанайлық клубтан келісім-шарттарының аяқталуына байланысты Сенин Себаи, Петрос Аветисян, Арман Оганесяндар кетті. Олардың нақты қандай клубтарда өнер көрсететіні белгісіз», - деп жауап берді «Тобылдың»баспасөз қызметі.