18 мау, 2020 сағат 16:25

Қостанайда өртеніп жатқан үйден құтқарушылар сәбиді аман алып шықты

Қостанай облысында өртеніп жатқан үй ішінен сәби құтқарылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше оқиға бүгін сағат 11:00 шамасында Қостанай қаласындағы Чкалов көшесіндегі үйдің бірінде болған. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер ішіндегі жиһаздар жанып жатқан. 

«Өрт 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Сағат 11:34-те толықтай сөндірілді. Өртеніп жатқан үй ішінен бір сәби құтқарылды. Барлығы 12 адам эвакуацияланды. Оқиға орнына 4 техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілерді жүйелі іс-әрекетінің арқасында зардап шеккендер болмады» - делінген ТЖД-ның ақпараттық хабарламасында. 

Өрттің нақты себептері мен шығындары анықталуда. ТЖД тұрғындарға қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырады.