16 сәу, 2020 сағат 12:00

Қостанайда коронавирустан көз жұмған адам: Тергеу жүріп жатыр

Қостанай облысында бір адамның коронавирустан көз жұмуына байланысты клиникалық тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Эпидемиологиялық тергеу әлі жүріп жатыр. Бұл тергеу жүргізу үшін алдымен аурудан көз жұмған адаммен байланыста болғандарды анықтау керек. Ал емдеуге қатысты сұрақтарға клиникалық тергеу жұмыстары аяқталған соң ғана жауап бере аламын. Бұған қатысты жұмыстар жүргізіліп, қажетті құжаттар алынды. Бұл адамдар шынымен елордада болғаны туралы айта аламын, бірақ олардың Нұр-Сұлтанда болғанына ұзақ уақыт болған және инкубациялық кезең де өтіп кетті», - дейді Қостанай облысы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Орал Бекмағамбетов. 

Ол коронавирустан көз жұмған адам ауруды Қостанайға келген соң жұқтыруы мүмкін екенін айтты. 

«Олардың ауру жұқтыру көзі елордада емес болуы да мүмкін. Олар ауруды облысқа оралған соң жұқтырған болуы мүмкін. Карантин не үшін керектігіне осы жағдай мысал бола алады. Тергеу жұмыстары аяқталған соң ресми ақпаратты беретін боламыз», - дейді ол.

Бұған дейін Қостанайды коронавирустан бір адам қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз. Ол Жетіқара қаласының 1945 жылы туған тұрғыны болған.