19 қыр, 2022 сағат 15:53

Қостанайда компания бастығынан 100 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды


Қостанай облысында банкротқа ұшыраған компанияға тағайындалған басшы 100 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚМА Қостанай облысы бойынша департаменті компанияның банкроттық басқарушысы, коммерциялық ұйымның бас директоры мен құрылтайшысынан борышкерлер тізіміне енгізу үшін 100 миллион теңге, ірі көлемде ақша бопсалағанын анықтады.

Күдікті ЖШС бас директоры мен құрылтайшысынан келісілген соманың жартысын, яғни 50 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ер адам қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.