#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Қостанай облысының жолдарын жөндеуге 44,9 млрд теңге бөлінді

  • 02.06.2020
  • 0
  • 174

2020 жылы Қостанай облысының автожолдарын қалыпқа келтіруге 44,9 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімдігінде өткен аппарат мәжілісінде автомобиль жолдарын жөндеу мәселесі талқыға түсті. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Олжас Нұрғалиевтың айтуынша, осы жылы жол инфрақұрылымы шеңберінде 281 жоба жүзеге асырылады.

«Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 18,5 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында – 20,3 млрд теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы мен жергілікті бюджеттен 6,1 млрд теңге қарастырылған. Барлығы 517 шақырым жол өңделеді. Нысандарды жауапкершілігіне алатын мердігер ұйымдар анықталды. Қазір 105 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бағдарлама аясында 4982 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2491 адам алынды. Жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қала және аудан әкімдері мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірлеп, бекітті», - деді басқарма басшысы.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов тиісті департамент басшылары мен аудан әкімдеріне өңір жолдарындағы қалыпқа келтіру шараларын сапалы жүргізуді бақылауды тапсырды. Сондай-ақ 2020 жылға жоспарланған облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуді мерзімінде аяқтауды жүктеді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар