Қостанай қалалық ауруханасы карантин режиміне көшірілді, - деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
«Қостанай қалалық ауруханасында қызметкерлер мен емделушілерге коронавирус инфекциясына қарсы талдау жасалды. 23 сәуір күні проктологиялық бөлімшеде жатқан 1965 жылы туған пациентке COVID-19 диагнозы қойылды. Осыдан кейін бірден эпидемияға қарсы іс-шаралар қабылданып, ауруханада болғандардың бәрінен анализ алынды. Әзірге аурухана карантин режиміне көшіріледі», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.
Бүгін КВИ анықталған емделушімен жақын қарым-қатынаста болған барлық қызметкерлер мен науқастар қалалық аурухана ішіне оқшауланды. Аурханаға жүгінетін адамдар жолдамамен облыстық ауруханаға жіберіледі.