12 жел, 2020 сағат 12:18

Коронавирустың ауыр немесе жеңіл өтуіне ықпал ететін гендер табылды

COVID-19 вирусының ауыр немесе жеңіл өтуіне ықпал ететін ген анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметтеріне сілтеме жасап.

Ғалымдар індет тарай бастағалы коронавирустың кейбір адамдарда жеңіл өтетінін, ал кейбіреуі қатты ауырып, тіпті жансақтау бөліміне де түсетіні неліктен екендігін білу жолында тер төгіп келеді. 

Британия ауруханаларындағы 200-ден астам жансақтау бөліміне түскен 2 мыңнан астам пациентке тексеру жүргізіп, олардың барлығында Covid-19 вирусының симптомын күрделендіретін «неандерталец» генінің бар екендігін анықталды. Мамандар пициенттердің геномдарын сау адамдардың геномымен салыстыра келе гендегі бірнеше айырмашылықты анықтады. 

Олар: иммун жасушыларын белсенді ететін- TYK2, ағзаға вирус түскенде маңызды рөл атқаратын DPP9, вирустың репликсациясын жүзеге асыратын OAS, сондай-ақ қуатты антиврус молекуласы – интерферонды тудыратын IFNAR2. 

Генетика саласындағы жаңалықтар Covid-19 ауруының биологиялық механизмдерін бүге-шігесіне дейін зерттеуге мүмкіндік береді.