19 мам, 2020 сағат 12:20

Коронавирустан жазылған адамның бойында қандай өзгерістер болуы мүмкін?

Коронавирустан емделген адамның бойында қандай өзгерістер болуы ықтимал? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясынан жазылғаннан кейін адамның бойында оның салдары байқалады. Ең бірінші кезекте ол адамның жасына байланысты. Пациенттің қандай кезеңде емханаға түскені де маңызды. Оның бойында қандай аурудың өршіп кеткеніне де көп көңіл бөлу керек. Әрине, иммундық жүйеге қысым күшейеді. Коронавирус жұқтырғандардың 4 пайызға жуығы интенсивті терапияға мұқтаж. Бұған дейін айтқанымдай, олар қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оларды мамандар барынша емдеп, профильді бөлімшелерге ауыстырады», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, басқарма басшысы коронавирустан емделіп шыққан кей азаматтар оңалту шараларынан өтетінін мәлім етті. Оңалту шараларынан өткізудегі басты себеп – коронавирустан кейін ағзада пайда болған кемшілікті түзеу. Олар басқа ауруханаларда ем алады.