06 мам, 2021 сағат 19:38

Коронавирустан кейінгі оңалту қанша кезеңге созылады?


Оңалту көмегі жөніндегі ұлттық үйлестіруші, дәрігер-реабилитолог Айгүл Хасенова коронавирустан кейінгі сауықтыру қанша кезеңге созылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оңалтудың үш кезеңі бар. Бірінші кезең – адам енді ауырып, ертерек оңалту қажеттілігі. Бұл кезең негізгі ауруды емдеу процесін қамтиды. Одан кейін күрделі процесс болып, адам денсаулығы біршама нашарлаған кезде оңалтудың екінші кезеңіне көшеді. Бұл кезең ауырған сәттен бастап 9 ай бойы жүреді. Аталған кезеңде оңалтудың екінші кезеңін өткізуге келісішарт жасалған стаионарларда науқас тәулік бойы болады», - деді ол COVID-19-дан кейінгі оңалту мәселелеріне арналған онлайн дәріс барысында. 

Оның айтуынша, мұнан кейін пациент оңалтудың үшінші кезеңіне тап болады. 

Ал бұл кезеңдегі сауықтыру ерексектер үшін жылына 2 рет, балалар үшін 3 рет өтуі мүмкін. 

«Әрине, бейінді мамандармен бірлесе отырып баға беретін, сауықтыру әлеуетін айқындайтын мультидисциплинарлық команда да бар. Өйткені, кей науқастар оңалтудың екінші кезеңінен аттап өтіп, бірден үшінші кезеңіне түсіп жатады», - деді Айгүл Хасенова.