15 мам, 2020 сағат 12:31

Коронавирустан қайтыс болған елордалық әйел дәрігер болып жұмыс істеген

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған пациент дәрігер болып істеген.

Бұл ақпаратты астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Иә, бұл рас. 1958 жылы туған дәрігер қайтыс болды. Ол жекеменшік медицина ұйымында қызмет еткен. Зейнетке шықса да, жұмыс істеп жүрген еді", - деп мәлімдеді басқармадан.

Марқұмға қатысты басқа ақпарат әзірге хабарланбай отыр. Сағат 15.00-де елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықованың брифингі өтеді.

Бұған дейін 13 мамырда астанада індетке шалдыққан екі науқас көз жұмғаны хабарланған еді: 1958 жылғы әйел және 1977 жылғы ер адам.

Қазақстанда коронавирус барлығы 34 адамның өмірін қиды.