#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді - Көлгінов

  • 26.05.2020
  • 0
  • 207

Елордада коронавируспен күресіп жүрген дәрігерлерді қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы «Хабар-24» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің басты міндетіміз - науқас адамдарды дер кезінде анықтау. Сондықтан қазіргі уақытта тестілеуден өтетін азаматтардың санын көбейттік. Егер төтенше жағдай басталған алғашқы күндері бізде 1 зертхана жұмыс істесе, қазіргі уақытта 5 зертхана жұмыс істеп тұр. Күнделікті 3 мың адамға тестілеу жүргізілуде. Бұл ең алдымен азаматтарымызды барынша тестілеуден өткізіп, қауіпсіздік шараларын қабылдауға көмегін және септігін тигізуде. Сонымен бірге Президенттің тапсырмасына сәйкес, дәрігерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар іс-шара қабылдадық», - деді ол. 

Мәселен, оның атап өтуінше, төтенше жағдайдың алғашқы кезеңінде пневмония немесе ЖРВИ белгісі бар азаматтар қаланың кез келген емханасына немесе ауруханасына барып тексеріле алатын. Ал бұл ең алдымен дәрігерлерге қауіп төндірді. Вирус жұқытырып алған дәрігерлерді карантинге жатқызуға тура келді. Осыдан кейін пневмония диагнозы бар азаматтарға тек бір аурухана — темір жол ауруханасы белгіленді. ЖРВИ немесе дене қызуы бар адамдарға №2 емхана ғана қызмет көрсетті. Төтенше жағдай режимі біткеннен кейін елорданың барлық 14 емханасында арнайы бөлек есік ашылып, сол жерде ЖРВИ несесе басқа да ауру белгілері бар азаматтарды дәрігерлер қабылдай бастады. 

«Бұл шаралардың арқасында 150-ге жуық вирус жұқтырған адамның басқа ауруханаларға баруына жол бермедік. Яғни, дәрігерлерімізді және басқа да азаматтарды қорғап қалдық. Вирус анықталған ол азаматтар қазіргі уақытта емделіп шықты. Сонымен бірге Президенттің тапсырмасына сәйкес, осы індетпен күресіп жүрген дәрігерлер мемлекет тарапынан қомақты қолдау алып отыр. Қазіргі уақытта карантинде жұмыс жасап жатқан, ауруханаларда вирус жұқтырған азаматтарды емдеп жүрген 4 мыңға жуық дәрігерге 1,5 млрд теңге бөлінді», - деді Алтай Көлгінов. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар