16 қаз, 2020 сағат 07:20

Коронавирусқа байланысты Еуропарламент отырысы қашықтан өткізіледі

Еуропарламенттің пленарлық отырысы келесі аптада Бельгия мен Франциядағы күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтан өткізіледі. Бұл туралы 15 қазанда Еуропарламент президенті Дэвид Сассоли өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Келесі аптада пленарлық отырыс Страсбургте болмайтындығын, бірақ біз оны қашықтан өткізетінімізді хабарлаймын», - деп жазды спикер.

Сассоли Франция мен Бельгияда эпидемиялогиялық жағдайдың күрделі екенін атап өтіп, аталған елдерге саяхаттамауға кеңес берді.

«Бірақ Страсбург Еуропарламенттің үйі болып қала береді», - деп деп сендірді ЕО заң шығарушы органының президенті.