Коронавирус жұқтырған Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов емделіп шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Ғалым Әбіханұлына жасаған соңғы ПТР тест теріс нәтиже көрсетті. Жақын арада ол өз қызметіне кіріседі деп үміттенеміз», - деді Теміртау қаласы әкімінің м.а. Мирас Құттыбай.
Еске салсақ, осыдан бір апта бұрын Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.