Өңірлерде коронавирус жұқтырғандар туралы соңғы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Жедел штабқа сілтеме жасап.
Шымкент қаласында вирус жұқтырған 1966 жылғы айел мен 1984 жылғы ер азамат өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
Атырау облысында COVID-19 вирусын жұқтырғандардың үшеуі 1993, 1987, 1973 жылғы ер адамдар, біреуі 1966 жылғы әйел адам. Олар корнавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға жатқызылған. Олардан зертханалық сынамалар алынып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды.
Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы табылған адамдардың барлығы да Ресей Федерациясында вахта әдісімен жұмыс істейтін азаматтар. Олардың 5-еуі Батыс Қазақстан облысының, 2-еуі Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары.
Павлодар облысында COVID-19 Екібастұз қаласының алты тұрғынынан анықталды, атап айтқанда, 1960, 1962, 1966, 1977, 1987, 1988 жылғы ер адамдар.
Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы Павлодар қаласының үш тұрғынынан табылды, олар 1970 жылы туылған ер адам және 1963, 1991 жылдары туылған әйел адамдар және Ақсу қаласында тұратын 1992 жылғы әйел.
10 адамның 9-ы короновирус инфекциясын жұқтырған адаммен ықтимал қарым-қатынаста болған. Павлодардың 1963 жылғы тұрғыны алдын ала пневмония диагнозымен түскен, 24.04.2020 ж. оның коронавирусты жұқтырғаны белгілі болды.
Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы 1965 жылғы ер адамда анықталды. Глубокое ауданының тұрғыны 22 сәуірде Ресей Федерациясынан оралған. Бір күннен кейін аурудың алғашқы белгілері, дене қызуының көтерілуі мен әлсіздік пайда болған. Дереу провизорлық стационарға оқшауланып, ПТР әдісімен COVID-19-ға талдау алынды. Осылайша, оның коронавирусты жұқтырғаны анықталды.