Грекияның «Панатинаикос» баскетбол клубының құрамында Еуролига жеңімпазы атанған Никола Пекович коронавирус жұқтырып, ауруханада ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды сербтің Telegraf порталы.
Дереккөз мәліметіне қарағанда, 34 жастағы Пековичтің өкпесі қабынған.
Черногорлық спортшы екі апта бұрын Подгорицадағы ауруханалардың біріне жатқызылған, кейінірек жағдайы күрт нашарлаған.
Пекович өз спорттық жолында сербтің «Атлас», «Авалу», «Партизан» командаларында ойнаған.
Ұлттық баскетбол қауымдастығында жеті жыл қатарынан «Миннесота» командасы құрамында болған.
Қазіргі уақытта ол баскетболдан Черногория құрама командасының менеджері қызметін атқаруда.