1 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь мен Әзербайжан елдерінен 8 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Кеше елге барлығы 874 жолаушы ұшып келген. Оның 741-інде коронавирусқа қарсы ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, 133-і анықтамасыз келген, барлығы – ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс қонды, 573 жолаушы, анықтамамен - 466, анықтамасыз - 107;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 2 рейс, 166 жолаушы, анықтамамен - 141; анықтамасыз - 25;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 135 жолаушы, анықтамамен - 134; анықтамасыз - 1.
Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. Сондай-ақ мәлім етілгендей, 31 қаңтар күні елге ПТР-анықтамасыз ұшып келген ҚР-дың 644 азаматының талдау нәтижелері дайын болды. Оған сәйкес, ешбір жолаушыдан коронавирус індеті анықталмады.