10 нау, 2020 сағат 12:18

Коронавирус Панамаға жетті

Панама денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркеліп отыр, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Вирус 40 жастағы әйелден табылған.

Инфекция жұқтырған әйел Панамаға дүйсенбі күні Испаниядан келген. Елге келгенде науқас келіншек жөтеліп, ыстығы көтерілгеннен кейін медициналық көмекке жүгінген.

Қазір ол үйіне жіберілді.