#
#
Дүйсенбі 13/07/2020

Коронавирус: Оңтүстік Корея Сеул мектептерінде оқушылар санын қысқартады

  • 29.05.2020
  • 0
  • 253

Оңтүстік Корея үкіметі логистикалық орталықтарды жан-жақты тексеруден өткізіп, Сеул қаласында мектеп оқушыларының санын шектейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің білім беру министрлігі коронавирустың қайта таралуына қарсы сақтандыру шарасы ретінде Оңтүстік Корея астанасындағы мектеп оқушыларының санын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

Бастауыш мектепте оқитын балалар саны жалпы санының үштен бірі, ал орта сыныптағы оқушылардың үштен екі бөлігіне дейін қысқартылуы тиіс, деп мәлімдеді білім вице министрі Пак Бэг-бом баспасөз конференциясы кезінде. 

Оқушылар санын қысқарту жоспары тек ел астанасындағы оқушыларға ғана тиісті болады. 

Еске сала кетсек, бұл шешім денсаулық сақтау органдарының бір күнде коронавирус жұқтырудың 58 жаңа оқиғасы туралы хабарламасынан кейін қабылданды. Бұл соңғы екі айда індет жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші болып отыр. Барлық оқиғалар ел астанасында тіркелген.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар