23 қыр, 2020 сағат 18:45

Коронавирус: Науқас қандай жағдайда ауруханаға жатқызылады?

Сoronavirus2020.kz сайтында COVID-19 ауруының қандай белгілері пайда болған кезде науқас шұғыл ауруханаға жатқызылатыны түсіндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Егер температура 3-5 күннен артық сақталса немесе қысқа мерзімді қалыпқа түскеннен кейін қайта көтерілсе, сондай-ақ жөтел пайда болғанда немесе күшейгенде, бұл туралы жергілікті дәрігерге хабарлау керек», - делінген ақпаратта. 

Егер сырқаттың ауыр белгілері пайда болса, жедел жәрдем шақыру қажет. Төмендегі симптомдар ауруханаға шұғыл жатқызудың критерийлері болып саналады:

- тыныс алу жиілігі минутына 24-тен жоғары;

- сатурация 95 пайыздан аз;

- ентігудің өршуі;

- қан қысымының төмендеу тенденциясы.