12 там, 2021 сағат 14:55

Коронавирус: Кения вакцина алмаған мемқызметшілерді жауапқа тартпақ


Кения коронавирусқа қарсы вакцина алмаған мемлекеттік қызметшілерге шара қолдана бастайды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы хабарлады.

Швецияда коронавирус инфекциясын жұқтыру деректерінің саны 1 108 057-ні құрады. Бір тәулік ішінде індеттің 1 236 жағдайы анықталды. 29 пациент реанимация бөлімшелерінде ем қабылдауда. Жалпы алғанда, SARS-CoV-2-ден 14 658 адам қайтыс болды. Бұл ретте, елде иммундау қарқынды жүріп жатыр, COVID-19 вакцинасының бірінші дозасын – 6 584 455 адам, екіншісін 4 641 169 адам алды.

Кения мемлекеттік қызметшілерді халыққа вакцинацияны насихаттаудың үлгісі етпек. Бұл ретте, ел билігі вакцинациядан жалтарған шенеуніктерді жазалауға ниетті. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшіге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды. Одан бас тартқан үкіметтегі антиваксерлер талапты орындамағаны үшін сөгіс алады. «Барлық мемлекеттік қызметшіге вакцина алуға басымдық беріледі. Ал 23 тамызға дейін салдырып үлгермегендерге тәртіптік шаралар қолданылатын болады», — деп мәлім етті Мемлекеттік қызмет басшысы Джозеф Киньюа.