24 қаң, 2021 сағат 10:47

Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді

2021 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Египет, Түркия, Ресей, Беларусь пен Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 547 әуе жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 202 адам, анықтамасыз 345 ҚР азаматтары келді, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 129 жолаушы, анықтамамен - 856, анықтамасыз - 273; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 418 жолаушы, анықтамамен - 346; анықтамасыз - 72. 

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 22 қаңтарында анықтамасыз келген барлық 340 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.