05 қаз, 2020 сағат 18:53

Коронавирус картон мен пластикте бірнеше тәулік бойы өмір сүре алады

Коронавирус инфекциясының қандай жерлерде ұзақ өмір сүретіні белгілі болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, COVID-19 қаптама материалдарында, негізінен картонда және пластиктің әртүрлі формаларында бірнеше сағат, тіпті бірнеше тәулік бойы өмір сүре алады.

Сонымен қатар, көптеген тағамдар тасымалданатын төменгі температурада да вирус тұрақтылығын жоғалтпайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қазіргі уақытта Covid-19 тамақтың беткі қабаты немесе тамақ орамасы арқылы берілу фактісі кездеспегенін» мәлімдеді. Алайда, ұйым індеттің жұғу қаупін азайту үшін бірқатар қарапайым ережелерді сақтау қажет деп санайды. 

Атап айтқанда, тамақ орамдарын дезинфекциялаудың қажеті жоқтығын, бірақ супермаркетке, дүкенге немесе базарға барғаннан кейін қолды дезинфекциялау керектігін хабарлайды.

Сонымен қатар, ДДСҰ сарапшылары сауда нүктелерінен тауар салып әкелген полиэтилен пакеттерді қайта пайдаланбауға кеңес береді.