Италияда коронавирус жағдайларының көбеюіне байланысты шектеуді күшейту жөнінде бірқатар жаңа шаралар туралы жарияланды, деп хабарлайды ANSA агенттігі.
Италияның Премьер-Министрі Джузеппе Конте бұл жаңа оқшаулануды болдырмау үшін жасалған шара деп мәлімдеді.
Мэрлер 21:00-ден кейін қоғамдық орындарды жабу құқығына ие болады, ал мейрамханалардың жұмыс уақыты мен рұқсат етілген топтардың саны қысқарады.
Италияда екінші күн қатарынан ауру жұқтырудың тәуліктік деңгейі ең жоғарғы көрсеткішке жеткеннен кейін осындай шешім қабылданды.
Жексенбі күні тағы 11 705 адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл көрсеткіш сенбі күнгі орнаған рекордан (10 925 адам) да асып түсті.
BBC агенттігінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елде 414000 расталған коронавирус жағдайы тіркелген. 36 500 адам көз жұмған. Италия Еуропа елдері арасында өлім жағдайларының саны бойынша Ұлыбританиядан кейінгі екінші орында.
Бұған дейін Франция мен Италия коронавирус инфекциясының тәулік ішіндегі өсімі жағынан антирекордты қайта жаңартқаны туралы хабарлаған болатынбыз.