Индонезия полициясы Ява және Бали аралдарының жолдары мен 400-ден астам бақылау-өткізу бекеттерінде блокпостар орнатты. Бұл сенбі күні жүздеген миллион адамның үйлерінде қалып, коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қолданылған шара, деп хабарлайды Reuters агенттігі.
Коронавирустың Азияда ең қатты ушығуына қарсы күрес кезеңінде әлемде халық саны жағынан төртінші орында тұрған елде соңғы 12 күннің ішіндегі сегізінде инфекция таралуының рекордтық саны тіркелген. Бұл ретте жұма күні вирусқа шалдығудың 25 830 оқиғасы мен 539 өлім жағдайы тіркелген.
«Біз әдетте адам ең көп жиналатын 21 орынға патруль орнаттық», - деді жұма күні кешке өткен баспасөз мәслихатында Индонезия Ұлттық полициясының басшысы Истионо.
Полиция өкілі жаңа шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 21 мыңнан астам полицей мен әскери қызметкерлердің Индонезияның халық саны ең көп Ява аралы мен туристік курорттық Бали аралдарын қоршауға алатынын мәлім етті.
Алғаш рет Үндістанда анықталған Delta штамы Индонезияда тез таралып жатыр. Елде қауіпті вирусқа шалдыққандар саны 2,2 миллион адам, ал одан қайтыс болғандар саны 59 500 адамнан асқан.