#
#
Жексенбі 09/08/2020

Коронавирус: Елордада медициналық колледж бен академия түлектері науқастарды емдеуге жіберілді

  • 07.07.2020
  • 0
  • 200

Елордада медициналық колледж бен академия түлектері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге жіберілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта елордада 3,5 мың дәрігер, 8 мыңға жуық медбике жұмыс атқаруда. Қала тұрғындарының саны 1,2 млн-ға жеткенін ескерсек, әрине, дәрігерлерге үлкен салмақ түсуде. Сондықтан, дәрігерлерге көмек ретінде медициналық оқыту ұйымдарымен келісіп, Денсаулық сақтау министрлігімен бірге жоспар бекітік. Сол жоспарға сәйкес медколледждерден 270-тен астам студент оқуын тәмамдады, дипломын алды және арнайы оқудан өтіп, қазір дәрігерлерге көмектесуді бастап кетті. 15 шілдеден бастап, Медициналық академия түлектерін жұмысқа алатын боламыз, оған да сәйкес жоспарымыз бар», - деді қала әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен бірге, медициналық кадрларды ынталандыру жұмыстары да жалғасуда.

«Карантин басталған сәттен бері 3 млрд-қа жуық қаражат дәрігерлерге жәрдемақы және сыйақы түрінде жалақы үстіне қосылды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасуда», - деді А.Көлгінов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясын 61 адам қайтыс болды. Қалада КВИ стационары 87% толды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар