Елордада коронавирус жұқтырған 18 науқастың жағдайы өте ауыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова млім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Сонымен қатар, дәрігерге кеш қаралу, өзін-өзі емдеу жағдайлары науқастардың денсаулығының нашарлауына әкеліп соқтырды. Науқастар дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 730 науқас ауруханада жатыр. Олардың ішінде 48-інің жағдайы ауыр, соның арасында 18 науқас өте ауыр жағдайда. Олардың өкпелері жасанды желдету аппаратына қосылған», - деді С. Қисықова Орталық коммуникациялар қызметінде.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада вирус жұқтырған жалпы 2 620 адам анықталды. Оның ішінде 270-і бала. 1 829 науқас немесе 70 пайызы жазылып шықты. Өкінішке қарай, толық көлемде жүргізілген медициналық көмекке қарамастан, 14 адам қайтыс болды.