28 сәу, 2020 сағат 10:23

Коронавирус: Елордада 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Елордада коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қалада коронавирус инфекциясының 599 жағдайы тіркелді, 9 пайыз өсім бар. 332 науқас стационарларда жатыр, 214 адам емделіп шықты, үй карантинінде - 2 576 адам. Өкінішке қарай, үш адам індеттен қайтыс болды», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның сөзіне қарағанда, 9 сәуірден бастап жаппай экспресс тестілеу жүргізу басталды, оны 15 528 адам тапсырды. 

«Қазіргі уақытта 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр хәлде. Оның ішінде 5 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған», - деді Б. Мәкен.