Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттердің бүйрегінің зақымдалғаны анықталды. Бұл жайлы толығырақ қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Коронавирус инфекциясы үдететін аурудың бірі – бүйректің қатты зақымдануы. Нұр-Сұлтан қаласында мұндай жағдай тіркелді. Ондайда салалық мамандардың тартылуымен консилиум өткізіліп, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялы амал-әдістері қолданылады.
Қауіпті жағдайларда жасалатын осындай амал-әдістер көбінесе оң әсер береді.
Бүйректің зақымдану жағдайы Қазақстанда, біздің Нұр-Сұлтанда да, әлем елдерінде де бар», - деді Сәуле Қисықова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.