Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы екі науқас та Ресейден келген болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Өңірдің шұғыл штабы мәлім еткеніндей, олардың бірі – БҚО-ның 22 жастағы, екіншісі – Ақтөбе облысының 23 жастағы тұрғыны.
Бұлардың екеуі де Ресейде вахталық әдіспен жұмыс істейтін, бұрын коронавирус анықталған азаматпен бірге келген.
Карантиндік стационарға жатқызылғаннан кейін зертханалық сынама алынып, коронавирусқа шалдыққаны белгілі болды.
Қазіргі кезде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан екі науқастың да жағдайы қанағаттанарлық.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 32-ге жетіп, соның екеуі жазылып шықты.
Күні бүгін өңірде провизорлық стационарда 148, карантиндік стационарда 81 адам жатса, 1396 адам үйлерінде оқшауланған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да соңғы тіркелген төрт науқастың Ресейден келгенін жазған болатынбыз.