05 мам, 2020 сағат 10:04

Коронавирус: БҚО-да соңғы анықталған 4 науқастың үшеуі Ресейден келген

Батыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған соңғы 4 науқастың үшеуі Ресейден келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

БҚО әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, олар – 1998, 1990 және 1977 жылғы облыс тұрғындары. 

Ресеймен шектесетін «Сырым», «Ақсай» автоөткелдерінен өткен кезде біреуінен басқасында денсаулықтарына шағымы болмаған. Әйтсе де алгоритмге сәйкес жедел жәрдеммен карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынғанда, коронавирус анықталды.

Ауру жұқтырған 4 адамның бірі – Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын 1999 жылғы тұрғын.

Олардың барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болғандар медициналық бақылауға алынып, ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.

Осылайша БҚО-да ауырғандар саны 198-ге жетіп, соның 36-сы сауығып шықты.