16 сәу, 2020 сағат 17:57

Коронавирус: БҚО-да коронавирустан жазылған екінші адам үйіне шығарылды

Батыс Қазақстан облысында коронавирустан екінші адам жазылып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, Ақсай қаласының тұрғыны үйіне шығарылды.

«Әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Алынған сынамалар жақсы. Енді ол 14 күн бойы үй карантинінде болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Н.Ахметова.

Бұл – өңірде аталмыш дерттен жазылып шыққан екінші адам. 

Бұдан бұрын БҚО-да ауырғандар ішінен алғашқы адам жазылып шыққан еді.

Осылайша өңірде коронавирусқа шалдыққан 25 адамның екеуі емделіп шықты.