16 мау, 2020 сағат 15:20

Коронавирус: Атырауда тағы екі адам қайтыс болды

Бүгін Атырау облысында қауіпті індеттен тағы екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, бүгін коронавирус инфекциясына шалдыққан тағы екі адам қайтыс болған.

«Қайтыс болғандардың екеуі де ер адам. Оның бірі –5 5 жаста, екіншісі – 57 жастағы Құлсары қаласының тұрғыны. Алғашқы науқас провизорлық стационарға түскенге дейін 5 күн ауырған. Сонан соң емханаға медициналық көмек алуға жүгінген. Ауруханаға түскен кезде екі науқаста да интоксикациялық синдром болды, дем жетпей тұрды, жағдайы өте ауыр болды. Бұл пациенттерге коронавирус инфекциясы, екі жақты полисегментарлы пневмония диагнозы қойылған еді», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Жылыойда коронавирустан 48 жастағы әйел қайтыс болған еді.

Қазір Атырауда қайтыс болғандар саны 6 адамға жетті.