09 қыр, 2020 сағат 10:52

Коронавирус: Англияда адамдардың топталып жүруіне қатысты жаңа талап енгізілді

Англияда коронавирустың өршіп бара жатқанына байланысты жаңа шектеулер енгізілді, деп хабарлайды ВВС.

Англияда коронавирус жағдайы күрт өскендіктен, дүйсенбіден бастап алты адамнан асатын топтың жиналуына тыйым салынды. 

Жаңа талаптарға сәйкес адамдардың үйде немесе көшеде, кез келген жерлерде жиналуына болмайды.

Алайда бұл мектеп, жұмыс орындары немесе үйлену тойлары, жерлеу рәсімдері және COVID-тен қорғалған командалық спорт түрлеріне қатысты емес.

Елдің Премьер-Министрі Борис Джонсон сәрсенбіде Даунинг-стриттегі баспасөз конференциясында қосымша мәліметтер ұсынбақ.