Алматыда 18 сәуірде коронавирус жұқтырғандардың саны 504-ке жеткен, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қалада бүгін 43 жаңа науқас тіркелген.
Оның 26-сы жергілікті ауырған адамдармен байланыста болғандар болса, 13 адам карантинде жатқандардың ішінен шықты.
Қазір Алматыда 422 адам коронавирустан емделіп жатыр.
Оның ішінде 2 адамның жағдайы өте ауыр, 5 адамның жағдайы ауыр, 106 пациенттің жағдайы орта дәрежеде. Қалған пациенттердің жағдайы қанағаттанарлық.
Қаланың провизорлық госпитальдерінде 298 адам жатыр. Олардың ішінде 18 бала бар.