Алматы облысында Жамбыл ауданының 1 тұрғынынан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2001 жылы туған азамат 22 сәуір күні Мәскеуден автобуспен шыққан. Ресей шекарасынан бері өткенде Қызылордада коронавируспен ауырып, оқшауланған сырқатпен байланыста болғаны анықталды. Қазіргі кезде Қаскелеңдегі Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Онымен 9 адам байланыста болған.
Айта кетейік, жалпы Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 73-ке жетті.