15 мау, 2020 сағат 16:48

Коронавирус: Алматы ауруханаларында науқас саны күн санап артып келеді

Алматы ауруханаларында орын жеткілікті ме? Бұл сауалға брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оның айтуынша, науқастардың саны күн санап артып келеді.

Орын жеткілікті болғанымен, вирус жұқырған адамдар саны артып барады. Әрине, біз коронавирус инфекциясының әртүрлі сценарийіне дайындалудамыз. Ауруханаларда орын шектеусіз деп айтуға болмайды. Орынды қамтамасыз етуге орай ауыр жағдайдағы адамдардың өмірін сақтап қалу үшін сараптама жүргізіледі. Жаппай жұқтыру тіркелетін болса, біздің ресурстарымыз жетіспеушілікке ұшырауы мүмкін. Сондықтан бір жаққа баратын кезде ойлану керек. Еуропа мен АҚШ-тағы жағдай бізде де қайталануы әбден мүмкін. Біз халықтың еркін жүргенін, көшедегі адам санының көптігін көріп отырмыз. Мен халықты тағы да жауапкершілікке шақырамын», - деді ол.

Оның айтуынша, Италия мен АҚШ-тағы жағдаймен салыстырғанда, елдегі және қаладағы эпидемиологиялық ахуал жаман емес.