2 ақпанда Қазақстан аумағына Германия, Корей, Мальдив, Сауд Арабиясы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Кеше елімізге шетелден барлығы 1816 жолаушы ұшып келген. Олардың 1625-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. 191 адамда ПТР-анықтама болған жоқ, барлығы да – ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Алматы қаласының әуежайына – барлығы 8 рейс қонды, 1 489 жолаушы, анықтамамен - 1 300, анықтамасыз - 189;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 322 жолаушы, анықтамамен - 320; анықтамасыз - 2;
- Павлодар қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 5 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстанның 191 азаматы келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, 1 ақпан күні анықтамасыз ұшып келген ҚР-дың 133 азаматының ПТР-талдау нәтижелері дайын болған – ешбір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ.