25 қаңтар күні Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, Ресей және Беларусь елдерінен 9 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.
Өткен тәулікте елімізге барлығы 794 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 657-сінде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 137-сі анықтамасыз келген, олардың барлығы - ҚР азаматтары.
Атап айтқанда:
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – барлығы 4 халықаралық рейс қонды, 220 жолаушы, анықтамамен – 212, анықтамасыз - 8;
- Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 428 жолаушы, анықтамамен - 303, анықтамасыз - 125; - Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 146 жолаушы, анықтамамен - 142, анықтамасыз - 4.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді министрліктен.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, 24 қаңтар күні коронавирусқа анықтамасыз шетелден ұшып келген Қазақстанның 695 азаматының ПТР-тест нәтижелері белгілі болды – олардың ешбірінен қауіпті инфекция анықталмады.