Фото: Brod.kz
Әнші әрі актриса Кәмшат Жолдыбаева соңғы кездері экраннан неге көрінбей кеткенін айтты, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнерпаз Instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, жеке өмірі мен шығармашылығына қатысты сыр бөлісті.
Ең алдымен күйеуі, актер Ғазірет Ержановпен қалай танысқанын айтты.
«Иә, біз “Рауза” сериалында таныстық. Сол кездегі таныстық өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты», — деп жауап берді.
Сондай-ақ Кәмшат соңғы кездері фильмдер мен сериалдарда көрінбеуінің себебін де айтты:
«Шүкір, шақыртулар аз емес. Бірақ қазір киноға түспеуімнің өз себебі бар. Киноны сағындым, ал кино мені сағынған шығар. Бір күні біз қайта кездесеміз», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары актрисаның бұл жауабын жылы қабылдап, оның өнерге қайта оралуын асыға күтетінін жазып жатыр.
