#
#
Сенбі 11/07/2020

Қордай оқиғасы кезінде қираған нысандар күзге дейін жөнделеді – әкімдік

  • 29.05.2020
  • 0
  • 380

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қордай ауданын қалпына келтіру және дамыту шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үекіметтің қадағалауымен Қордай ауданында төтенше жағдай салдарынан бүлінген нысандарды қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Әрбір қалпына келтіру нысанын анықтап, заңға сәйкестігін тексеріп, олардың құрылыс барысын зерделеп, уақытылы аяқтауды қадағалау үшін облыста тиісті жұмыс тобы құрылды. Бұл комиссияға белсенді азаматтар, мәслихат депуттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіріп отыр», - деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Қордай ауданында бұзылған 65 нысанның 54-інде, оның ішінде 45 тұрғын үй, 13 коммерциялық нысанда 30 сәуірден бастап қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Онда тиісті мердігерлер жұмыс атқарып жатыр. 

«Осыған қарай, 5 адамнан құрылған «Шивон» қоғамдық қайырымдылық қоры құрылды. Демеушілер есебінен осы қорға бүгінде 104 млн теңге қаражат аударылды. Қазіргі таңда 6 нысанда жұмыс толық аяқталды. Қалғанын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Одан бөлек, орташа зардап шеккен, күрделі жөндеуді қажет етпейтін 103 нысан да демеушілер көмегімен қалпына келтірілді», - деді Е. Жылқыбаев. 

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды. 

Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба қол алынды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар