17 қаз, 2022 сағат 17:05

Қордай арқылы ірі көлемде есірткі өткізбек болған ер адам анықталды

Фото:gov.kz

Қырғызстанмен шекарада есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"13 қазанда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде контрабандалық есірткінің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті. Қырғыз Республикасы азаматы тізгіндеген көлікті тексеру кезінде 10 келіден аса психотроптық зат табылды", - делінген хабарламада. 

Факт бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.