Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлері мерекесіне арналған салтанатты жиын өткізіп, онда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінетінін айтты, – деп хабарлайды Ұлт ақпарат.
«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінеді. Әзірге 5 мың, одан кейін бұл жүйе əрі қарай жұмыс істейтін болса, көре жатармыз. Бұл әлеуметтік осал топтағы халықтың ішінен дарынды балалар мен жасөспірімдерді оқыту және жоғары оқу орындарына түсуге дайындау үшін қажет» деді Президент.
Осы орайда, Мемлекет басшысы шәкіртақы көлемін арттыру жұмысы да қолға алынғанын айтты.