2021 жылы телеөлшем онлайн түрде қолжетімді болады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, ақпараттандыру жұмысымен қатар, министрлік БАҚ саласын дамыту бойынша тиісті шараларды қабылдап жатыр. Оның ішінде отандық телеарналарды шетелдегі қандастарымызға жеткізу, контенттің сапасын арттыру, отандық арналардың техникасын жаңарту қамтылған.
«Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» акционерлік қоғамдары біріктірілді. Барлық шара аяқталғаннан кейін, 2021 жылы мемлекеттік басылымдар «Қазақ газеттері» брендіне біріктіріледі, - деп тоқталды вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Кемелбек Ойшыбаевтың сөзіне қарағанда, «KazakhTV» телеарнасын шетелге тарату аясында 2020 жылы жаңа 8 мемлекет операторына қосылды. Оның арасында Грузия, Германия, Ресей сияқты елдер бар. Жалпы, осы кеңейтудің арқасында «KazakhTV» 47 мемлекетте таралып отыр.
Бұдан бөлек ол телевизия саласында сын айтылып келе жатқан телеөлшем бағытында өзгертулер жүргізілгенін айтты. Жасалған жұмыстардың арқасында 2021 жылы телеөлшем онлайн түрде қолжетімді болады және жаңа технологиямен жүргізіледі.
Сенаторлар дипломатиялық қызметті жетілдіру мәселелерін талқылады.