19 қаң, 2020 сағат 12:11

Конор Макгрегор қарсыласы Дональд Серронені 40 секундта нокаутқа жіберді

Ирландиялық аралас жекпе-жек өнерінің шебері, екі жеңіл салмақ санатында бұрынғы әлем чемпионы Конор Макгрегор америкалық Дональд Серронені жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында UFC 246 турнирі аясында өткен 5 раундқа жоспарланған жекпе-жек алғашқы раундтың 40 секундында аяқталды. Макгрегор қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Осылайша 31 жастағы ирландиялық өзінің спорттық мансабындағы 22 жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, Конор Макгрегор 2018 жылдың қазанында ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілгеннен кейін шаршы алаңға алғаш рет шығып отыр.

Ал Дональд Серроне болса, бұған дейін 36 мәрте қарсыласын сүріндіріп, 14-ші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.