13 жел, 2019 сағат 15:48

Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді

Жапонияның Нагано қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогінің төртінші кезеңі өтіп жатыр. Командалық спринтте қазақстандықтар 9-шы орын иеленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Роман Креч, Станислав Палкин, Артур Галиев және Артем Крикунов төрттігі 14 команда арасынан 9-шы сатыға тұрақтады. Төртінші кезеңде Ресей құрамасы топ жарса, Жапония мен Канада күміс пен қоланы еншіледі. Ал әлем кубогы төрт кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы үшінші орын иеленді. Біздің құрама еншісінде 290 ұпай бар. Осылайша, Дмитрий Бабенко баптайтын Қазақстан құрамасы жекелеген қашықтықтар бойынша әлем чемпионатына жолдама алды. Жалпы командалық есепте Нидерланды құрамасы 440 ұпаймен көш бастады. Екінші орында 316 ұпай иеленген Швейцария құрамасы.

Айта кетелік, бүгін А тобында сынға түскен Роман Креч 500 метрге жүгіруден алтыншы орын алды.