26 мау, 2021 сағат 14:30

Колумбия президенті отырған тікұшаққа белгісіз біреулер оқ жаудырды


Венесуэла шекарасына жақын маңда бортында Колумбия президенті Иван Дуке Маркес болған тікұшаққа белгісіз біреулер үлкен калибрлі пулеметтен оқ жаудырған. Бұл туралы ВВС хабарлады.

"Президент Иван Дуке ұшатын тікұшақ Сардината муниципалитетінен, Солтүстік Сантандер департаментінен шыққан кезде шабуылданды. Тікұшаққа кем дегенде алты оқ атылды, ұшқыштар мен экипаждың тәжірибесінің арқасында жағдай шешілді", - деп хабарланды Noticias Caracol телеарнасында.


Президентпен бірге Қорғаныс және Ішкі істер министрлері, сондай-ақ провинция губернаторы болған. 

Президент өкілі атыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты.

Иван Дуке шабуылды «қорқақтардың ісі» деп атады және зорлық-зомбылық пен террорлық шабуылдардан қорқытпайтынын мәлімдеді.

«Біздің мықты мемлекет осындай қауіп-қатерлерге қарсы тұра алады», - деді президент Twitter-де жариялаған видеоүндеуінде. Ол қауіпсіздік күштеріне кінәлілерді табуға бұйрық берілгенін де айтты.

Президент, министрлер мен губернатор бара жатқан Колумбия-Венесуэла шекарасына жақын жердегі Кататумбо аймағында «Ұлттық азаттық армиясы» солшыл радикалды тобы орналасқан. Ол 1964 жылы құрылған, мақсаты - жерді пайдалану мен байлықты бөлудегі теңсіздікке қарсы күрес.

«Ұлттық азаттық армиясы» елдің ең ірі бүлікші тобы және Колумбия, АҚШ және Еуропалық одақта террористік ұйым саналады.