06 қаз, 2020 сағат 07:45

Колумбия авиакомпаниясы ұшақ бортында тірі дауыста концерт қойды

Колумбияның ең ірі авиакомпанияларының бірі Aviansa Медельин-Богота рейсі кезінде ұшақ бортында тірі дауыста концерт қою үшін филармония оркестрінің музыканттарын шақырған. Бұл туралы компания Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Медельиннен Боготаға ұшқан AV8565 рейсінің жолаушылары Медельин филармониялық оркестрдің 10 мыңнан астам фут (3048 м.) биіктікте өткен концертінің арқасында ұмытылмас саяхат жасады»,- делінген хабарламада.

Алайда кейбір жолаушылар мен мамандар әуе компаниясының шешімін сынға алып, оны COVID-19 инфекциясының таралуын болдырмау үшін қабылданған қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін айыптап отыр.

Мысалы, Колумбия эпидемиологы Сульма Кукунуба пандемия жағдайында «жабық ғимараттарда ән шырқап, үрмелі аспаптарда ойнау кеңес етілмейтінін» мәлім етті