13 шіл, 2021 сағат 11:24

"Көлсай көлдері" ұлттық саябағында жүрген қар барысының видеосы жарияланды


«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

Жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылауға арналған видео кадрларын экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, ұлттық саябақ аумағында 16 қар барысы бар. "Қызыл кітапқа" енген жыртқыш бұған дейін де "Көлсай көлдерінде" тіркелген еді. Саябақ мәліметінше, қазір мұндағы жыртқыштар саны бойынша тұрақтылықты сақтап отыр.

Айта кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 басы бар, әлемде жеті мыңнан аспайды. Жыртқыштың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі - фотоқақпан қолдану. Елде 150-ден аса фототұзақ құрылған.

Фототұзақ - жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.