01 қаз, 2021 сағат 14:38

Көктайғақ, боран: Алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамы


«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 2-4 аралығындағы күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады да ол жаңбыр мен жаңбар аралас қар жаууына ықпал етеді. 

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады. 

Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болады, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 жылы болады. 

Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 аяз - 3 жылы, күндіз 5-15 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 12 жылу, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 аяз - 3 жылы, күндіз 2-11 жылудан 0-8 жылуға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 аяз - 5 жылы күндіз 3-11-ден 7-15-ке дейін жылу көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.