Көкшетауда карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс кестесін өзгертті. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады.
Ақмола облысының бас санитарлық дәрігерінің «Ақмола облысы аумағында коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» 14.06.2020 жылғы №73 қаулысына сәйкес қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды сағат 10:00-16:00 қабылдайтын болады.
«Осыған байланысты Көкшетау қаласының тұрғындары қызмет көрсету бөлімдерінде қызмет алу үшін алдын ала сағат 15:30 кезекті брондауы керек. Одан кейін брондау жарамсыз деп есептеледі. Аршалы, Астрахан және Целиноград ауданындағы ХҚО осындай режимде жұмыс істейді. Ал, басқа аудандардағы қалған бөлімдер азаматтарды 9:00-17.00 жұмыс істейді», - деп толықтырды мемлекеттік корпорациядан.
Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралауы жиілеп кетуіне байланысты маусымның 15-і кешкі сағат 20:00 бастап Көкшетау қаласында 7 блокпост қайтадан қойылып, карантиндік шектеу шаралары күшейтілді.